Аахенге келгеніме екі жыл толып, үшінші жылға кетіп барады. Осы кезге дейін көрген екі қысымның алғашқысында қар жаумады. Жауғандай болды, бірақ жерде қар болмады. Ал екінші қыста қар емес ''қар'' жауды. Небәрі 4-5 см. ғана қалыңдықта жауған ''қар'' күннің көзі болмағандықтан бір апта бойы ерімей жатып алды.

Қысты қатты сағындым. Кешке қарай қар жауғанда аулаға шығып, қардың жапалақтап жауып жатқанына тамсана қарап, алақайлап қуанатынбыз. Ол балалық қалды ғой уақыттың сонау бір кезеңдерінде. Енді болса, сол сәттердегідей қыс пен қарды аңсаймын. Атымды да әжем марқұм тауып қойған екен Сағын деп :)

фото: pixdus.com

Ansar
09 ноября 2009, 15:53
 0  
просмотров
82

Кеше бір таныстарыма қонаққа бардым. Алдымен 17:00-да баратын болып келісіп едік, артынан бір сағатқа кештеу келуімді өтінді. Мен келістім. Сағат 18:10 үйлеріне жеттім. Қарасам тамақ дайындауға енді кірісіп жатыр екен. Жарайды, тамақ үшін ғана бармадым ғой. Мені шақыр жігіттің жанында бірге тұратындармен таныстым. Біраз уақыт сөйлесіп отырдық. Шамамен, бір сағаттай болар. Тамақтары әлі дайын болмады. Дайын болмағаннан сон мен барып басқа да жерлердегі шаруаларымды бітіру үшін кетіп қалдым. Кейіннен кері бардым. Барсам тамақ енді дайын болып жатыр екен. ....

Солай болды. Олар тұрмақ өзіме ыңғайсыздау болды қонаққа барғаным. Көп күтіп қалдым. Қонаққа шақырушылар немістер емес еді. Сондықтан түсіністікпен қарауға тура келді. Қонаққа барамын деп қазақтардың қонақ күтуі мен қонаққа баруы еске түсті. Негізінде, көп жағдайларда осылай болып жатады емес пе ия?!

Ansar
18 октября 2009, 17:02
 0  
просмотров
117

Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері Махатма Гандидің туылған күні.

Ansar
02 октября 2009, 03:51
 0  
просмотров
123

Немістердің тазалығы мен ұқыптылығы, пунктуальдылығы мен сыпайылығы жайлы көп айтылыда. Сыпайылығы жайлы көп айтылы қоймас, әрине. Бірақ тазалықтары жайлы Қазақстандықтардан ертегі естуге болады. Бірақ қазііргі кездегі тазалықтары бұрынғыдай емес. Есесіне, істеген жұмыстарына бұрынғысынша өте ұқыпты. Бір ғана мысал, қала көшелеріндегі ескірген құбырларды ауыстыру жұмысы кезіндегі ұқыптылық. Оны мына төмендегі суреттен көре аласыздар.

Қазылған жерлерді ешқашан ашық қалдырмайды. Үнемі сақтық шарасы ретінде жан-жағын қоршап қояды. Асфальтті ойғанда да қалай болса солай емес, жинақы түрде ояды. Кейіннен, жөндеу жұмыстары аяқтала салысымен қазылған жерді бұрынғысынша теп-тегіс қылып, жауып кетеді. Міне, ұқыптылық деген осы.

Интернеттен іздеп жүріп Алматыдағы көшелердің бірінде жүріп жатқан құбыр жөндеу жұмыстарының көрінісін бейнелейтін фотоны кездестірдім.

фото: alatoday.info

Ansar
14 сентября 2009, 02:54
 0  
просмотров
121

Индиялық балалардың мектепке бара жатқан сәті. Өте аянышты көрінеді.

фото: AP
Ansar
12 сентября 2009, 21:21
 8  
просмотров
184

''Осы айдан бастап Солтүстік теңізде Германияның BARD-Gruppe компаниясы өзінің алғашқы коммерциялық Offshore-Windpark жел электр станцияларының паркының құрылысын бастамақ'' деп хабарлайды Spiegel Online интернет газеті. Үлкен жобаның аясында 400 мың үй шаруашылығы электр энергиясымен қамтамасыз етілмек.

фото: BARD-Gruppe

Ansar
12 сентября 2009, 12:19
 0  
просмотров
162

Республикамыздағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен Республика Сарайында 2009 жылы 20 қыркүйекте, айт күні, сағат 12.00-де Алматы қалалық әкімшілігінің рұхсатымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 20 жылдығына орай “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ” акциясы «өткізіледі.
Өзінің ұлтына, ана тіліміздің бүгінгі жағдайына жүрегі ауыратын әрбір азамат күйбең-тіршілігін бір сәт жиып қойып, сол жерден табылады деп сенеміз. Акция барысында мемлекеттік тілді өрістету туралы ойлармен қатар танымал өнер шеберлерінің, «МУЗарт», «Серілер», «Жебе», топтарының ана тілін, ұлттық, мемлекеттік рухты қуаттайтын әндері шырқалады.
Ел мүддесін ту еткендердің бәріне есік ашық. Айт күні ана тілін ұлықтау да имандылықтың белгісі.

Бұл ақпарат www.internetTV.kz сайтынан алынды.

Ansar
10 сентября 2009, 17:31
 4  
просмотров
144
3

Сіз ұялы байланыс үшін (сөйлесу құны) жылына, орташа есеппен, қанша теңге жұмсайсыз?

Сколько в среднем в год вы лично тратите на сотовую связь?



28.95%
(11)
< 5 000 теңге
18.42%
(7)
5 000 -- 7 000 теңге
5.26%
(2)
7 000 -- 10 000 теңге
15.79%
(6)
10 000 -- 15 000 теңге
7.89%
(3)
15 000 -- 20 000 теңге
21.05%
(8)
> 20 000 теңге
2.63%
(1)
Өз жауабыңыз / Свой ответ
Ansar
10 сентября 2009, 01:58
 8  
просмотров
245
-1

Бүгін Нидерланды жерінде 64-ші рет испаниялық ''Ла Вуэльта'' көпкүндігі басталды. Алғашқы кезеңі осы Нидерландының аумағында болады. Оның алғашқысы бүгін басталып та кетті. ''Астана'' командасы да өзінің ең мықты болмаса да, ''мықты'' деген тоғыз спортшысын қосты бұл жолғы додаға. Тоғызының үшеуі өзіміздің қазақстандықтар.

Алғашқы кезең Ассен қаласында, нақтырақ, осы қаладағы арнайы жарыс жолында өтті. Жүріп өтуге тиісті болған жолдың үзақтығы 4,8 шақырым. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ''Астана'' командасының спортшыларының арасында басқалардан оқ бойы озық шыққан Александр Винокуров болды. Естеріңізде болса, ол осыдан бірер күн алдын ғана ''Астана'' командасының құрамына кіріп еді. Командадағы алғашқы көрсеткіші жаман емес. Бүгін ол уақыт бойынша жекелей жарыста 4,8 шақырым жолды 5 мин. 38 сек. жүріп өтіп, жетінші орынға ие болды. Қалған отандық споршыларымыз Асан Базаев пен Максим Иглинский 90-шы және 105-ші орындарға тұрақтады.

Алғашқы кезеңде ''Саксо Банк'' командасының спортшысы Фабиан Канчеллара бірінші орынға ие болды. Ол 4,8 шақырымдық жолды 5 мин. 20 сек. жүріп өтті.

 

http://auyl.biz

Ansar
30 августа 2009, 01:09
 0  
просмотров
85
1

М.Иглинский, А.Винокуров және А.Базаев

А.Винокуров -- команданың капитаны!

 

фото: astanafans.com

Ansar
27 августа 2009, 08:44
 4  
просмотров
89
7
...
Ansar
32.3
Статистика
Зарегистрирован 06 мая 2009
Рейтинг записей 27.2
Рейтинг комментариев 1.9
Записей в блоге 62
Комментариев 288
Категории блога
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Казах.ру — всё о Казахстане и казахах