Аахенге келгеніме екі жыл толып, үшінші жылға кетіп барады. Осы кезге дейін көрген екі қысымның алғашқысында қар жаумады. Жауғандай болды, бірақ жерде қар болмады. Ал екінші қыста қар емес ''қар'' жауды. Небәрі 4-5 см. ғана қалыңдықта жауған ''қар'' күннің көзі болмағандықтан бір апта бойы ерімей жатып алды.
Қысты қатты сағындым. Кешке қарай қар жауғанда аулаға шығып, қардың жапалақтап жауып жатқанына тамсана қарап, алақайлап қуанатынбыз. Ол балалық қалды ғой уақыттың сонау бір кезеңдерінде. Енді болса, сол сәттердегідей қыс пен қарды аңсаймын. Атымды да әжем марқұм тауып қойған екен Сағын деп :)
фото: pixdus.com


0




















