Немістердің тазалығы мен ұқыптылығы, пунктуальдылығы мен сыпайылығы жайлы көп айтылыда. Сыпайылығы жайлы көп айтылы қоймас, әрине. Бірақ тазалықтары жайлы Қазақстандықтардан ертегі естуге болады. Бірақ қазііргі кездегі тазалықтары бұрынғыдай емес. Есесіне, істеген жұмыстарына бұрынғысынша өте ұқыпты. Бір ғана мысал, қала көшелеріндегі ескірген құбырларды ауыстыру жұмысы кезіндегі ұқыптылық. Оны мына төмендегі суреттен көре аласыздар.


Қазылған жерлерді ешқашан ашық қалдырмайды. Үнемі сақтық шарасы ретінде жан-жағын қоршап қояды. Асфальтті ойғанда да қалай болса солай емес, жинақы түрде ояды. Кейіннен, жөндеу жұмыстары аяқтала салысымен қазылған жерді бұрынғысынша теп-тегіс қылып, жауып кетеді. Міне, ұқыптылық деген осы.
Интернеттен іздеп жүріп Алматыдағы көшелердің бірінде жүріп жатқан құбыр жөндеу жұмыстарының көрінісін бейнелейтін фотоны кездестірдім.

фото: alatoday.info
Ansar
14 сентября 2009, 02:54
120

''Осы айдан бастап Солтүстік теңізде Германияның BARD-Gruppe компаниясы өзінің алғашқы коммерциялық Offshore-Windpark жел электр станцияларының паркының құрылысын бастамақ'' деп хабарлайды Spiegel Online интернет газеті. Үлкен жобаның аясында 400 мың үй шаруашылығы электр энергиясымен қамтамасыз етілмек.
фото: BARD-Gruppe
Ansar
12 сентября 2009, 12:19
162
Бүгін жетінші маусым. Германияда Еуропарламентке сайлау күні. Көшеде адам өтеее аз. Жексенбі күні үнемі осылай болады. Немістердің жексенбісі осылай. Сайлаудың қайда өтетінін де білмейді екенмін. Еш жерде сайлау учаскелері жайлы ақпарат байқалмайды.
Ауа-райына келсек, жауын жауып тұр.




1952 жылы осы күні түрік жазушысы, ''Нобель сыйлығының'' иегері -- Орхан Памук дүниеге келген екен.
Ansar
07 июня 2009, 19:18
85
Осы жылдың 4-7 маусымы аралығында Еурордаққа мүше 27 ел Еуропарламентке сайлау өткізеді. Сайлауға 350 миллион адам қатысады. Кейбір елдер өткізіп те қойды. Олар -- Нидерланды мен Ұлыбритания (4-маусымда), Ирландия мен Чехия (5-маусым). Ал бүгін Италия, Кипр, Латвия, Мальта, Словакия, Франция және Чехия елдерінде сайлау күндері. Чехияда екінші күн. Франция болғанда да ол елге қарасты аралдар және т.б.

Қалған Еуроодаққа мүше елдерде сайлау маусым айының жетінші жұлдызы өтеді.
Еуропарламентте ең көп орынға ие болатын елдердің тізімі мынадай:
- Германия 99 орын
- Италия 72 орын / Франция 72 орын / Ұлыбритания 72 орын
- Испания 50 орын / Польша 50 орын
- Румыния 33 орын
Еуропарламенттегі барлық орын саны 736. Осының алдындағы сайлауда (2004 жылы) 785 орын болған.
Ansar
06 июня 2009, 06:51
85