Кеше бір таныстарыма қонаққа бардым. Алдымен 17:00-да баратын болып келісіп едік, артынан бір сағатқа кештеу келуімді өтінді. Мен келістім. Сағат 18:10 үйлеріне жеттім. Қарасам тамақ дайындауға енді кірісіп жатыр екен. Жарайды, тамақ үшін ғана бармадым ғой. Мені шақыр жігіттің жанында бірге тұратындармен таныстым. Біраз уақыт сөйлесіп отырдық. Шамамен, бір сағаттай болар. Тамақтары әлі дайын болмады. Дайын болмағаннан сон мен барып басқа да жерлердегі шаруаларымды бітіру үшін кетіп қалдым. Кейіннен кері бардым. Барсам тамақ енді дайын болып жатыр екен. ....
Солай болды. Олар тұрмақ өзіме ыңғайсыздау болды қонаққа барғаным. Көп күтіп қалдым. Қонаққа шақырушылар немістер емес еді. Сондықтан түсіністікпен қарауға тура келді. Қонаққа барамын деп қазақтардың қонақ күтуі мен қонаққа баруы еске түсті. Негізінде, көп жағдайларда осылай болып жатады емес пе ия?!


0




















