Немістердің тазалығы мен ұқыптылығы, пунктуальдылығы мен сыпайылығы жайлы көп айтылыда. Сыпайылығы жайлы көп айтылы қоймас, әрине. Бірақ тазалықтары жайлы Қазақстандықтардан ертегі естуге болады. Бірақ қазііргі кездегі тазалықтары бұрынғыдай емес. Есесіне, істеген жұмыстарына бұрынғысынша өте ұқыпты. Бір ғана мысал, қала көшелеріндегі ескірген құбырларды ауыстыру жұмысы кезіндегі ұқыптылық. Оны мына төмендегі суреттен көре аласыздар.


Қазылған жерлерді ешқашан ашық қалдырмайды. Үнемі сақтық шарасы ретінде жан-жағын қоршап қояды. Асфальтті ойғанда да қалай болса солай емес, жинақы түрде ояды. Кейіннен, жөндеу жұмыстары аяқтала салысымен қазылған жерді бұрынғысынша теп-тегіс қылып, жауып кетеді. Міне, ұқыптылық деген осы.
Интернеттен іздеп жүріп Алматыдағы көшелердің бірінде жүріп жатқан құбыр жөндеу жұмыстарының көрінісін бейнелейтін фотоны кездестірдім.

фото: alatoday.info


0




















